«Қазақ поэзиясының Құлагері»

Категория: Новости
Дата: 01.05.2019
Просмотры: 341 Печать страницы
«Қазақ поэзиясының Құлагері»

         Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні І.Жансүгіров әдеби музейі және «Айналайын» балалар үйінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Қазақ поэзиясының Құлагері»  атты  қайырымдылық шара өтті. Шараға Алматы облысының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілері арнайы шақырылып, кеште ақынның өлеңдері оқылып, әндер шырқалды. Сонымен қатар, «Құлагер» поэмасынан сахналық көрініс қойылып, кеш соңында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.