"Қазақ поэзиясының Құлагері"

Категория: Новости
Дата: 03.05.2019
Просмотры: 500 Печать страницы
Ү.ж. 30 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызыметкерлерінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойына орай "Қазақ поэзиясының-Құлагері" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі басшылары, Ақсу ауданы басшылары, Жетісу телеарнасы және Жетісу газетінің тілшілері, мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында құрметті қонақтар сөз сөйлеп І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар ақиық ақынның ізбамарлары арнау оқып, Молықбай атындағы мәдениет үйінің әншілері ән-жырдан шашу шашты. Шара ақын "Ағынды менің Ақсуым" деп жырға қосқан Ақсу өзені жағасында жалғасын тапты. Ақшаңқан үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен салтдәстүрден көріністер көрсетіліп келген қонақтарды құрметпен қарсы алды.