"Алтын адам- ғасыр тарихы"

Категория: Новости
Дата: 03.05.2019
Просмотры: 448 Печать страницы

2019 жылдың 2 мамыр күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи- өлкетану музейі Сарқан ауданының тарихы музейіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арқау болған, көне заманның теңдесі жоқ жәдігері "Алтын адам- ғасыр тарихы" атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге М.Тынышпаев атындағы орта мектебі, Петропавл орта мектебі, М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, Әл-Фараби орта мектебі, Шатырбай атындағы орта мектебінің оқушылары, ауылдық мәдениет үйінің және әкімшілік қызметкерлері қатысты. Экскурсия барысында Алтын адамның алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін, сонымен бірге, Ұлы даланың ежелгі металлургиясы мен аңдық стильдің қарыштап дамуы Алтын адам сұлбасынан анық байқалатыны жайлы көптеген мағлұматтар берілді.  Экскурсияны оқушылар өте қызығып, әрі зейінмен тыңдады.