«Асыл мұра»

Категория: Новости
Дата: 03.05.2019
Просмотры: 323 Печать страницы
«Асыл мұра»

2019 жылдың 3 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері белгілі қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсы жазылғанына 75 жыл толуына орай, Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің 9-шы және 10-шы сынып оқушыларына «Асыл мұра» атты лекция өткізді. Лекцияда композитордың қысқаша өмірбаяны айтылып, «Біржан - Сара» операсы талқыланды. Операның жазылу тарихы оқушылардың өнерге, мәдениетке деген қызығушылықтарын оятты.