Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Талдықорған қаласынан саяхаттап келген оқушыларға "Не? Қайда? Қашан? " атты квест ойынын өткізді. Ойынға қатысушы балалар, өздерінің білім деңгейлері мен ойлай қабілеттерін сынады. Қатысушылар үш топқа бөлінді: «Талдык Сити», «Жетісу», «Талдықорған». Ереже бойынша 1-ші турда қатысушылар туған жерлері туралы қызықты да, мағыналы әңгіме айтып беру шарт. Бұл турда «Талдык Сити» тобының ойыншылары үш тілде әңгімелерін айтып, алдыға шықты. 2-ші тур сұрақ-жауап ретінде өткізілді. Үшінші турда әр топ «ҚАЗАҚСТАН» сөзінің ішінен бірнеше сөз тауып жазып, ұпай санын жинады. Ойын соңында 1-ші турдан алға шыққан «Талдык Сити» тобы жеңімпаз атанды. Ойыннан кейін балаларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Қызықты да, көңілді өткізілген ойын, мағыналы экскурсия балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, ризашылығын арттырды. Жас жеткіншектер музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.