"Тыңда, дала, Жамбылды!"

Категория: Новости
Дата: 03.05.2019
Просмотры: 389 Печать страницы

3 мамыр күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламасы аясында Жамбыл ауданындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2  орта мектебінде "Тыңда, дала, Жамбылды!"  атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге музей қорынан 50-ге жуық жәдігер апарылды. Барлық оқушыларға екі тілде экскурсия жүргізілді.