«Ер қаруы – бес қару»

Категория: Новости
Дата: 04.05.2019
Просмотры: 482 Печать страницы
«Ер қаруы – бес қару»

2019 жылы 4 мамыр күні «Отан қорғаушылар» күніне орай Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласы № 25 орта мектебінде «Ер қаруы – бес қару» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында музей қорынан алынған экспонаттардан «Бабалар жолымен»  атты көрме қойылды. Балалар тамашалаған көрмеге бес қару мен қатар Ұлы Отан соғысында пайдаланған қарулар қойылып, қазіргі Қазақстанның замануи қарулары слайдтан көрсетілді. Балардың барлық назары   «Қобыланды батыр» атты видео фильмге аударылды. «Қазақ батырының серігі-бес қару» атты дәрісте оқушылар қазақстандық қару зерттеушілердің жазған ғылыми еңбектерінен  пайдалы  материалды қызыға тыңдап, сурақтарына жауап ала отырды.  Соңында балалар  викторина сурақтарына жауап беріп, білгендерін ортаға салды.