9 мамыр – Жеңіс күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде соғыс және тыл ардагерлерінің қатысуымен «Бақыт гүлін терген күн» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары өздерінің соғыс жылдарындағы оқиғаларымен, ерліктерін еске түсірумен қатар, жастардың Отанға деген патриоттық сезімін нығаюына әсер етті.