«Отаным тағдырым»

Категория: Новости
Дата: 08.05.2019
Просмотры: 322 Печать страницы
«Отаным тағдырым»

Үстіміздегі жылдың 6-шы мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным тағдырым» жобасы аясында және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қарасай аудандық әскери бөлімшесінің қызметкерлеріне арнайы экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болып жүрген генерал-майор Жақсылықов Руслан Фатихұлының өмір жолына кеңінен тоқталып өтті.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта түсуіне қызмет етіп жүрген жандарға музей қызметкерлері сәттілік тілеп тарқасты.