2019 жылдың 6-мамыры күні, Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері "ҚР Қарулы күштері" күніне орай, "Ел ертеңі–Ұландар" атты тақырыпта Қырғауылды ауылындағы Ушинский орта мектебі оқушыларымен бірлескен іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында, музей қызметкерлері ҚР Қарулы күштері жайында баяндама жасаса, мектеп оқушылары өздерінің мектеп қабырғасындағы "Алғашқы әскери дайындық" пәнінен өткен теориялық және іс-тәжірибелік шеберліктерін көрсетті. Мәселен, Серікқызы Ақнұр "Калашников" автоматын жылдам бұзып, жинау шеберлігімен бөлісті.