
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ер - елінің қорғаны" атты іс-шара өтті. Іс-шарада патриоттық тақырыпта өлеңдер айтылып, күй шертілді. Жастарға өз елінің патриоты болсын деген жылы лебіздер айтылды.