Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік шара

Категория: Новости
Дата: 08.05.2019
Просмотры: 305 Печать страницы
Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік шара

    Кеген аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан Қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы жиылған қауымды мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген бір топ әскерилерді аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Шарада аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен жеке әншілерінің орындауындағы әсем әндер көрермендерге мерекелік көңіл – күй сыйлап, бір сергітіп тастады.

      Шара соңы әскери шеруге ұласты. Аудан көлеміндегі мектеп оқушылары сапқа тұрып, патриоттық әндер шырқап сарбаз атануға әзір екендіктерін көрсетті. Сонымен қатар, жастар аудандық тарихи – өлкетану музейін аралады. Музейде аудан тарихын, ауданнан шыққан ақын-жазушылардың, еңбек, соғыс ардагерлерінің, өзге де қоғам қайраткерлерінің өмірбаянын тыңдап, мәдени мұра және тарихи ескеркіштермен танысты.