8 мамыр күні Мұқан Төлебаевтың мемориалды музей қызметкерлері Жеңіс күніне орай «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты көрме ұйымдастырды. Шараға Ушинский атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Көрме мақсаты Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ету болып табылды. Көрмені тамашалауға келген қонақтар Лепсі ауылынан шыққан соғыс ардагерлерінің өмірімен танысып, Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін көтеріп қайтты.