«Тәжік-Ауған ақиқаты»

Категория: Новости
Дата: 08.05.2019
Просмотры: 341 Печать страницы
«Тәжік-Ауған ақиқаты»

         2019 жылдың  6 мамыр  күні І.Жансүгіров әдеби музейінде Отан қорғаушылар күніне орай «Тәжік-Ауған ақиқаты»  атты ардагерлермен кездесу кеші өтті.Шараға  К.Ушинский атындағы №7 орта мектептің 10 сынып оқушылары арнайы шақырылды. Кеш қонақтары  Тәжікстан жеріндегі соғыс қимылдары жайында, патриоттық рух,  сондай-ақ  майданға қатысқан ардагерлердің ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті. Кеш өте әсерлі, әрі тартымды өтті. Іс-шараның соңында ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.