"Ер есімі- ел есінде"

Категория: Новости
Дата: 08.05.2019
Просмотры: 298 Печать страницы

2019 жылдың 8 мамыры күні Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі "Мамания" орта мектебімен бірлесіп "Ер есімі- ел есінде" атты іс-шара ұйымдастырды.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке , елжандылыққа тәрбиелеу, ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара Ақсу ауылындағы ҰОС ардагерлері құрметіне орнатылған "Даңқ мемориалында" өтті. Ерлікке тағзым етіп гүл шоқтары қойылды.