«Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!»

Категория: Новости
Дата: 09.05.2019
Просмотры: 295 Печать страницы
«Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!»
Ү.ж. 8 мамыр күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Еңсесі биік – ұлы Жеңіс! » атты мерекелік шара өткізілді. Шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру; Қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында патриоттық әндер орындалып, Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының батыр қызы Ә.Молдағұлованың сіңілісі Сапураға жазған хатынан үзінді оқылды. Шараға №1 Қабанбай орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты.