"Ұлы Жеңіске - 74 жыл"

Категория: Новости
Дата: 09.05.2019
Просмотры: 365 Печать страницы

Ақсу ауданы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тізімінде екі адам қалған екен. Соның бірі Моисеев Гаврил Степанович. 19 жасында майданға аттанып, аман есен туған өлкесі Қапалға оралған ардагер, бүгінгі күні 98 жасқа толып отыр.  Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері мен Қапал ауылының кітапханашылары "Ұлы Жеңіске - 74 жыл" мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерін мейрамымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп қайтты.