"Ардагерлерге мың тағзым"

Категория: Новости
Дата: 09.05.2019
Просмотры: 387 Печать страницы

2019 жылдың 6 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері​ мен Қапал ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күні​ мерекесіне орай ауылдық кітапхана залында "Ардагерлерге мың тағзым" атты танымдық сағат өтті. Аталған іс-шараға Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Ерлік көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы бейнеролик көрсетіліп, тарихқа саяхат жасалды. Отан қорғаған ерлер жайлы айтылды. Ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Мұқашевтың орындауында Динаның Жеңіс күніне арналған "Тойбастар" атты күйін орындады. Шара соңында жоғарыда аталған мерекге орай "Қазақ батырларының бес қаруы" атты көрме оқушыларға таныстырылды.​