«Ұлы даланың батыр қыздары»

Категория: Новости
Дата: 09.05.2019
Просмотры: 346 Печать страницы
«Ұлы даланың батыр қыздары»

               Біріміз Ұлы  Отан соғысы, біріміз екінші дүниежүзілік соғыс деп атап кеткен сұм соғыстың біткеніне биыл 74 жыл толып отыр. Төрт жылғы созылған бұл қырғынға қазақтың әрбір отбасынан ардақты ұлдары мен қыздарын шығарып салып, жеңіспен оралуын күтті.

Отан қорғау жолында жан аямай күрескен «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүгіміз сол кезде өрімдей жас қыздар еді. Мектеп оқушыларына «Бұл жолды ұмытуға болмайды» деген тақырыпта  арнайы лекция сабақтар  жүйелі түрде өтіп тұрады. «Ұлы даланың батыр қыздары» деген тақырыпта  Қарасай ауданының  М.Мәметова атындағы мектеп оқушылары мен Ұлы отан соғысының тыл ардагерлерімен үлкен іс- шара өтті.

            Іс шарада мектеп оқушылары  1941 жылғы соғыс басталып майданға  аттанған жауынгерлердің   өмірінен  театрландырған қойлым дайындап көрермендерге ұсынды. Ардагерлер сол сұрапыл күндерден естелік айтып ,  естелік суреттерге түсті.