
«Жетісу» арнасындағы жаңа жоба - «Тарих парақтары» атты бағдарламаның алғашқы түсірілімі Сарқан ауданының тарихи музейінде басталды. Бағдарлама барысында азамат соғысы жылдарында 18 ауылдың халқы үшін қорғаныс болған «Черкасск қорғанысының» тарихын таразылады. Сонымен қатар тілшілер Сарқан ауданының тарихи музейінің қызметкерлерінен сұхбат алды.