«Еліміздің ертеңі – біз жастармыз»

Категория: Новости
Дата: 13.05.2019
Просмотры: 431 Печать страницы
«Еліміздің ертеңі – біз жастармыз»

      7 мамыр  Отан  қорғаушылар күніне орай    Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік  мемориалды  музейінде  «Еліміздің ертеңі – біз жастармыз»  атты тақырыпта  оқушылармен  ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағында  еліне  адал  қызмет етіп, Отан үшін от кешкен  тұлғалардың  ерлік істері  кеңінен насихатталды. Сонымен қатар оқушыларға  өзі соғыс ардагері және Шоқан Уәлихановтың  осы өңірдегі  ескрткіші мен музейінің  бой көтеруіне  атсалысқан  халқының қайсар ұлы  Игібай Базарбаев  жайында  жан-жақты  деректер берілді. Қатысып отырған оқушылар да  өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ауылдан шыққан  ардагер аталары жайлы  білгендерімен бөлісті. Елдің ертеңі болатын бүгінгі оқушылар  ерлік сабағынан  патриоттық сезімдері нығайып қайтты.