"Абай - дана, Жамбыл- дара қазақта! "

Категория: Новости
Дата: 13.05.2019
Просмотры: 464 Печать страницы

13 мамыр күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Абай - дана, Жамбыл- дара қазақта! "  атты әдеби-кеш өтті.  Іс -шарада Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың өлеңдері айтылып, әндері орындалды. Екі ақынның бір-бірімен байланысы, өлеңдеріндегі ұқсастықтар жөнінде сөз айтылды. Жамбыл атындағы өнер мектебі оқушылар Абайдың "Көзімнің қарасы"  әнін орындады. "Әлқисса",  " Ата толғауы" күйлерін орындады. Тәжірибе алмасу мақсатында "Атамекен"  мәдени-тарихи орталығының, "Анаға құрмет"  музейінің, Сүйінбай Аронұлының әдеби-мемориалды музейінің қызметкерлері арнайы қонақ ретінде қатысты.