Мұхаметжан Тынышпаевтың туғанына 140 жыл

Категория: Новости
Дата: 13.05.2019
Просмотры: 438 Печать страницы
Мұхаметжан Тынышпаевтың туғанына 140 жыл

         Үстіміздегі жылдың мамыр айының 12-ші жұлдызында қазақтың көрнекті тарихи тұлғаларының бірегейі, Алаш арысы, тұңғыш кәсіби қазақ инженері, ғалым – Мұхаметжан Тынышпаевтың туғанына 140 жыл болды.

         Алаш ордасы, Түрксиб темір жолы, Түркістан автономиясы, қазақ ұлтының тарихы мен шежіресі, қазақ халқының мүддесін қорғаушы, ұлтжанды азамат деген ұғымдар Мұхаметжан атамыздың атымен тығыз байланысты.

         Осыған орай сонау Америка Құрама Штаттарынан Мұхаметжан Тынышпаевтың ұлы Дәулет Мұхаметжанұлы Шейх-Али мен немересі Аделя  Дәулетқызы Шейх-Али Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы ат басын бұрды. Осы қуанышқа орай Сәуле Ходжикова және де Тұрар Рысқұловтың немересі Аделя Рысқұловамен бірге бірқатар құрметті азаматтар музейдің сыйлы қонақтары болып кетті.

         Арнайы келген қонақтарды қарсы алып, қонақжайлылық танытқан музей меңгерушісі Ғарифолла Әнес.