«Отбасы – бақыт мекені»

Категория: Новости
Дата: 16.05.2019
Просмотры: 354 Печать страницы
«Отбасы – бақыт мекені»

1994 жылы 15 мамыр Халықаралық отбасы күні болып бекітіліп, түрлі  мемлекеттерде қоғамның назары отбасыларға аударыла бастаған. Содан бері атаулы  мейрам жыл сайын дәстүрінен жаңылмай аталып өтілуде. Осы отбасы мерекесіне орай, «Анаға құрмет» музейінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Кемертоған орта мектебінің оқушыларымен Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғындары Өтебаевтар отбасымен кездесуінде  мерейлі отбасы болудың алғышарттар мен отбасын сақтап қалуды  өз өмір жолдарынан   мысалдар келтіре отырып әңгімеледі. Шараға  одан өзге Райымбек ауылдық округінің тұрғындары, Ушинский атындағы орта мектеп ұзтаздары жас отбасы Алымбаев Бауыржан  мен Саденова Салтанат, жанұялық қол өнер шебері Қоныр әулеті  қатысты.