«Сәмен батыр және оның ерлігі»

Категория: Новости
Дата: 16.05.2019
Просмотры: 411 Печать страницы
«Сәмен батыр және оның ерлігі»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, 2019 жылдың 15-мамыры күні, Батыр бабалар мемориалды кешенінің қызметкерлері,XVIII ғғ. Қазақ-Жоңғар қақтығысы барысында ерен ерлігімен көзге түскен жауынгер батырлардың бірі – Сәмен Дәненұлының туғанына 315 жыл толуына орай, Қырғауылды ауылындағы Ушинский орта мектебі оқушылары арасында«Сәмен батыр және оның ерлігі» атты тақырыпта кездесу кешін өткізді. Шараның құрметті қонағы ретінде – Сәмен батырдың өмірі мен ерлігі жайында зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген, зерттеуші әрі өлкетанушы Ақпейілов Әшімқұл арнайы шақырылды. Музей қызметкерлері оқушыларға Сәмен батырдың өмірі мен ерлігі жайында баяндама жасаса, Әшімқұл Ақпейілұлы өзінің зерттеуі нәтижесінде түсірілген видеоролигін көрсетіп, еліне ұран болған – Сәмен батырдың  1729 жылы (кейбір деректерде, 1930 ж.) Жетісу жерінде орын алған  «Аңырақай шайқасында» көрсеткен ерен ерлігі жайында әңгімелеп, Төле биден бата алғандығын айтып берді. Шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа – Сәмен Дәненұлының ерлігін насихаттап, дәріптеу арқылы, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.