"Бақ іздеген ауыл"

Категория: Новости
Дата: 16.05.2019
Просмотры: 593 Печать страницы

15 мамыр Сөгеті ауылы Ораз Жандосов мектебі  мен Шелек тарихи-өлкетану музейі  қызметкерлерінің «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған жас қаламгер Жеңісбек Көкеновтың "Бақ іздеген ауыл" атты кітабінің тұсаукесер кеші өтті. Кеш қонақтары Қыран қоғамдық қорының атқарушы директоры, журналист, этнограф Бағдат Мүптекеқызы, Халықаралық Алаш əдеби сыйлығының иегері, ақын Жарас Сəрсек, журналист, ақын Сансызбай Өкенұлы, жазушы, журналист Ашық Еуразиялық əдеби фестивалінің финалисті, 2018 жылғы Республикалық "Алтын тобылғы" əдебиет жүлдесінің бірінші орын жеңімпазы Айзат Рақыш. Кітаптың тұсаукесері О.Жандосов мектебінде     кесіліп, кеш соңында қонақтар музейді аралап, ауыл тыныс-тіршілігімен танысып, өз əсерлерімен бөлісіп тарасты.