Үстіміздегі жылдың 16 мамыр күні Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Менің өлкемнің аңыздары» атты облыстық байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Аталмыш шараға әр ауданнан келген 15 қатысушы сайысқа түсіп, дайындаған жұмыстарын қорғады. Комиссия мүшелерінің шешімімен байқау қорытындысы шығарылып 3 жүлделі орын, 3 номинация жеңімпаздары анықталып, 9 қатысушыға сертификат берілді.