«Анаға құрмет»

Категория: Новости
Дата: 17.05.2019
Просмотры: 444 Печать страницы
«Анаға құрмет»

Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қалыптасқан. Алайда Қазақстандағы түрлі ұлттардың бір-бірімен араласуының нәтижесінде салт-дәстүрлерінің кейбіреулері біздің дәстүрге ұқсап, өзгеріске ұшыраса, кейбіреулері мүлтіксіз сақталып қалған. Германиядағы немістер болсын, Қазақстанда тұратын немістер болсын дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы, балық аулау, қол өнерімен де айналысады.Мамыр айының 16 күні  «Анаға құрмет» музейіне  Австрия мемлекетінен бір топ шығармашылық адамдары қонаққа келді, Көшпенділердің ғажайып туындысы  киіз үйдің  құрылысына тамсанып, қазақ халқының ұлттық бауырсағынан дәм татты. Шет елден келген қонақтарға киізден бұйым жасаудың әдістері жайлы шеберлік  сабақтарында  осы саланың маманы Анар Нұрмұхамедова аз ғана уақытта қол орамал жасауды көрсетті және сол орамалдарды келген қонақтарға естелік үшін ұсынды.