«Елін сүйген Елбасы»

Категория: Новости
Дата: 18.05.2019
Просмотры: 377 Печать страницы
«Елін сүйген Елбасы»

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 18 мамыр күніне бірнеше түрлі форматтағы шаралар өткізу жоспарланған.  Мереке қазыналы Қарасай ауданынан жеткен «Елін сүйген Елбасы» атты көрменің салтанатты ашылуымен басталды. Салтанатты шараға Алматы облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы басшылығы мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Құттықтау сөз алдымен Алматы облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшы М.Көлбаевқа беріліп, әрі қарай Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Келемсейіттің сөзімен жалғасты.

Елбасының өмір жолына қатысты көрме экспозициясына қойылған 45 экспонат (құжаттар, деректер мен фотосуреттер) Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына Елбасының өмірі мен қызметінен мол мағлұмат береді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан бастап – күні бүгінге дейінгі өмір жолы және Ұлт Көшбасшысымен тығыз байланысты Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік саяси аренада өз орнын нықтап қалыптастырған уақыттары хронология бойынша көрсетілген.

Көрмені тамашалауға келген қонақтар мен музейге келушілерге көрме бойынша экскурсия жүргізіліп, таныстырылды.