"Музей - халық қазынасы"

Категория: Новости
Дата: 18.05.2019
Просмотры: 478 Печать страницы

18 мамыр- Халықаралық музейлер күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Музей - халық қазынасы"  атты іс-шара өтті. Іс-шараға Жамбыл ауылының ақсақалдар алқасы атсалысты. Ақсақалдар алқасының төрағасы Балаев Бақыт музей тарихынан естеліктер айтса, ауылымыздың әкімі Мантаев Данияр музей саласындағы жетістіктері үшін музей меңгерушісі Жамбылова Салтанат Тезекбайқызына,  музей қызметкері Тажиева Ольга Игорьевнаға құрмет грамотасын табыс етті. Кеш барысында "Жамбыл ата келіндері"  халықтық ансамблі ән айтса, Жамбыл өнер мектебі оқушылары терме айтып, күй шертті. Қобыз шертіліп, жылы лебіздер айтылды. Жамбыл ауылының құрметті азаматы Тұрапов Жанат музей қызметкерлеріне музей саласындағы істеріне табыс тіледі.