Интеллектуалды сайыс

Категория: Новости
Дата: 18.05.2019
Просмотры: 367 Печать страницы
Интеллектуалды сайыс

М.Тынышпаев ат. Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде интеллектуалды сайыс түрінде болашақ тарихшылар (І.Жансүгіров ат. ЖМУ студенттері) арасында өткен шараның басты мақсатыкелер  ұрпаққа  тарихты әсіресе, ұлттық тарихты жеткізу, жастардың терең білім алып, ел мүддесіне қызмет етудінасихаттау, әрі музейге деген қызығушылықтарын аттыру болды.Екі топтан тұратынсайыскерлерге слайдтың жетекшілігімен жергілікті тарих пен өлкеден шыққан белгілі тарихи тұлғаларға қатысты  сұрақтар қойылып, білімдері сыналды. «Көрермендер кәдесі» деген айналымда топ жанкүйерлеріне де тапсырма беріліп, дұрыс берілген жауаптары бойынша ұпай сандары сайыскерлердің қанжығасына байланды. Сайыскерлерді сергітіп алу, әрі көрермендерге пайдалы мәлімет беру мақсатында «Сіз білесіз бе?» атты айдарда белгілі тарихи тұлғаларға қатысты  қызықты мәліметтер оқылды.Сайыс соңында топтардың ұпай сандары қорытындыланып, жеңімпаз топ арнайы дипломмен марапатталды.