"Тарихи жәдігерлер - ұлт мұрасы"

Категория: Новости
Дата: 18.05.2019
Просмотры: 347 Печать страницы

2019 жылдың 17 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай "Тарихи жәдігерлер - ұлт мұрасы" атты музей сағаты өтті. Шараға ауыл қонақтары, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Келген қонақтар мен оқушыларға мұражай қызметі таныстырылып, музейдің тарихи-мәдени, ағартушылық маңыздылығы айтылды. Қапал ауылдық әкімдігінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Әшімова Әсел арнайы сөз сөйлеп музей қызметкерлерін аталған күнге орай мерекелерімен құттықтап, ізгі-тілектер тіледі. Ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Мұқашев Төлегенің орындауында ән шырқалды. Қапал ауылдық кітапханасының қызметкерлері музейлер туралы кітаптарға библиографиялық шолу жасады. Шараға қатысушылар мен қонақтарға арнайы орыс мәдениетінен сыр шертетін "Руские мотивы" атты көрме таныстырылды.