«Ілияс музейі – өнегелі ұрпақ ордасы»

Категория: Новости
Дата: 18.05.2019
Просмотры: 389 Печать страницы
«Ілияс музейі – өнегелі ұрпақ ордасы»

         Бүгін 18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде І.Жансүгіровтің туғанына 125 жыл, ақынның әдеби музейінің ашылып, халыққа қызмет етіп жатқанына 35 жыл толуына арналған «Ілияс музейі – өнегелі ұрпақ ордасы» атты мерекелік шара өтті. Шара І.Жансүгіровтің  «Ұяның ұясы – Қожаның дорбасы» фельетонынан үзіндімен ашылып, ақынның өлеңдері оқылып,әуезді ән-күймен жалғасын тапты.

         Салтанатты мерейтойда облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен «І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы» атты 1972 жылы түсірілген деректі фильм өңделіп, жаңа форматқа көшірілгеннұсқасы және «Ілияс Жансүгіров. Библиографиялық көрсеткіш», «І.Жансүгіровтің шығармаларын жаңаша оқыту» кітаптарының тұсаукесері өтті.

         Шараға Ілияс Жансүгіровтің ұрпақтары, ақын атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің профессорлары, музейде 35 жыл ішінде жұмыс жасаған барлық қызметкерлер, Мәдени мұраны қорғау орталығының, Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның күйшілері,облыстық, қалалық «Ілияс оқуларының» жүлдегерлері қатысты.

         Кеш соңында құрметті қонақтарға арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.