"Музейдегі түн"

Категория: Новости
Дата: 20.05.2019
Просмотры: 396 Печать страницы

18 мамыр Халықаралық мұражай күніне байланысты І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Музейдегі түн" іс-шарасы өтті. Осы күні бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлерінің барлығы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Дәстүрге сай музей қызметкерлері айтулы мерекеге орай "Ашық есік" күнін ұйымдастырып музей көрермендеріне тегін экскурсиялар жүргізіп іс-шара "Музей түнімен" жалғасын тапты. 
Шара барысында көрермендер арнайы мерекеге орай ұйымдастырылған аудандық өнер мектебінің жас қылқалам шеберлерінің туындыларынан құралған көрмені тамашалады. Сонымен қатар І.Жансүгіровтің 125 жылдығына орай жаңадан музей қорына қабылданған ақынның жеке құжаттары мен сирек кездесетін фотосуреттерімен де танысып, жалпы музей туралы оның тыныс-тіршілігі, міндеті жайлы мол мағлұматтар алып қайтты.