18 мамыр Халықаралық музей күніне орай, Шелек тарихи -өлкетану музейі Сөгеті филиалында "Туризмнің төресі -музей " тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мақсаты : өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата - бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау. Музейге келген оқушылар музей ішін аралап өз бойларына рухани азық алатын күш жинап қайтты.