"Рухы биік тұлға"

Категория: Новости
Дата: 15.08.2018
Просмотры: 477 Печать страницы

І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеновтың өмірі мен еңбек жолына арналған "Рухы биік тұлға" атты тақырыпта танымдық сағат өтті.
Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов.Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азаматТәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды.
Ол халқымыздың тәуелсіздігін армандап,қазақ халқының өз жерінде өзі қожайын болуын аңсаған.Соңғы демі қалғанша ұлтына қызмет етіп, қазақтың жері үшін күресті. Жұмабек Ахметұлы нар тұлға ғана емес, үлкен қайраткер, рухы биік тұлға.Міне, кезінде өзі араша болған Ақмола қаласы – Қазақстан астанасы болды.Ата-бабаларымыз арман еткен жарқын күндерге біздің ұрпақ жетті. Ендеше Жұмабек Тәшенов секілді аяулы азаматтарымыз халықтың жадында мәңгі сақталады.Атамыздың еңбегін ескеріп, ұлағатын ұлықтау, қазақ үшін істеген өлшеусіз еңбегін ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етіп қалтыру – тәуелсіздіктің бүгінгі ұрпақтарына аманат, парыз!