«Музей – ел шежіресі»

Категория: Новости
Дата: 20.05.2019
Просмотры: 344 Печать страницы
«Музей – ел шежіресі»

          18 мамыр - Халықаралық музейлер күні мерекесіне орай Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Музей – ел шежіресі» атты іс-шара өткізілді. Шараға ауыл тұрғындары мен қонақтары, оқушылар және студенттер қатысты. Шара барысында музейдің тарихи-мәдени маңыздылығы таныстырылып, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар «Мәдени мұра асыл қазына» атты музей тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.