"Музей - тарих айнасы"

Категория: Новости
Дата: 20.05.2019
Просмотры: 360 Печать страницы

2019 жылдың 18 мамыр күні "Жаркент Мешіті Сәулет-көркемөнер Музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай "Музей - тарих айнасы" атты музей сағаты өтті. Шараға қала қонақтары, оқушылар мен шет ел азаматтары қатысты. Келген қонақтарға музей тарихы таныстырылып, музейдің тарихи маңыздылығы айтылды. Музейге келген қонақтарға арнайы қазақ зергерлік өнері мен архитектуралық өнерінен сыр шертетін "Зергерлік өнер жауhарлары", "Х-ХІХ ғасырлардағы сәулет өнері" атты көрме таныстырылды.