«Түнгі музей акциясы»

Категория: Новости
Дата: 20.05.2019
Просмотры: 420 Печать страницы
«Түнгі музей акциясы»

18 мамырда бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлерінің барлығы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл аталмыш мереке – күнтізбеде 1977 жылы Халықаралық мұражай кеңесінің  кезекті отырысында осы мәдени мерекені бекіту туралы ресей ұйымының ұсынысын қабылдаумен орын алды.

1978 жылдан бері Халықаралық мұражайлар күні 150-ден астам мемлекеттерде мерекеленіп келеді.Мұражайлар әр кезеңде қоғамның және көптеген елдердің мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып саналды.

Бүгінде мұражайлар қызметінің бағыты жан-жақты. Өзгешеліктеріне қарамастан олардың бағдары халықтардың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған. Мұражай тек мың жылдық тарихты сақтап қана қоймай, сондай-ақ өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады.Осыған орай үстіміздегі жылдың 18 күні Сүйінбай Аронұлының әдеби –мемориалды музейінде  «Жәдігерлерді шаммен шолу» атты  

«Түнгі музей акциясы» аталып өтті.Музей қонақтары бұл күні музейге әдеттегідей күндіз емес, түнде , жәдігерлерді сөйлете отырып шаммен шолу  мүмкіндігіне ие болды.