«Музей түні - 2019»

Категория: Новости
Дата: 20.05.2019
Просмотры: 409 Печать страницы
«Музей түні - 2019»

18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Музей түні - 2019» атты шара ұйымдастырды. Аталмыш шара бағдарламасында «Елі сүйген Елбасы» атты көрменің ашылу салтанаты,  «Тарихы терең Жетісу» атты ЖМУ-нің студенттерімен интеллектуалды сайыс және журналист, белгілі блогер, медиалектор Өркен Кенжебекпен әртүрлі тақырыптарда кездесу семинар жүргізілді. Сондай ақ, «Жетісудың жыр дариясы» атты Алматы облыстық Сүйінбай атындағы  филармония әншілері және Қ.Байсеитов атындағы Саз колледж студенттерінің қатысуымен қазақ халқының дәстүрлі әндер кеші ұйымдастырылды.