«Сиверс алмасының гүлденуі»

Категория: Новости
Дата: 21.05.2019
Просмотры: 400 Печать страницы
«Сиверс алмасының гүлденуі»

2019 жылдың мамыр айының 18-ші жұлдызында, Сарқан ауданы, Тополевка ауылы тау бөктерінде, облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың қолдауымен және Сарқан ауданы әкім аппараты, мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен    «Сиверс алмасының гүлденуі» атты фестивалі өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзді  Алматы қаласы туризм басқарма басшысының орынбасары Қ.Ә.Ақылбеков бастап, халықты  фестивальмен және «Халықаралық музейлер күні» мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар Сарқан ауданының әкімі М.М. Разбеков,. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи пәркінің  директоры М.Н. Қабиев,. Туризм саласының сарапшысы Бақыт Қамалқызысалтанатты шарамен құттықтап, ауданымыздың көркем тәбиғатына байланысты туризм саласы кеңінен дами берсін деген тілектерін білдірді. Сарқан аудандық аурухана жанынан құрылған әжелері ансамбілі бастамасымен «Айкүміс би тобы» билеп, қазақ эстрада әншілері «Бастау» тобы, Сарқан аудандық мәдениет үйінің әншілері әншашулерін арнады. Фестивальге Сарқан ауданының тарихи музейі мен М. Жұмабаев орта мектеп ішілік музейі белсене қатысты.

Шараға М. Тынышпаевқа арналған «Ұмытылмас ұлы тұлға» және Черкасск қорғанысының көрмелері қойылды. Келушілер көрмеге қызығушылық танытып, көрме таныстырушылары музей меңгерушісі  Д.Ә.Курманбаев және экскурсия жүргізушісі К. Болатқа сұрақтарын қойып, М. Тынышпаев туралы көптеген мәліметтер алып, ризашылықтарын білдірді. Мерекенің соңында әртүрлі ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар марапатталды.