«Қырандай көреген қырағы ақын»

Категория: Новости
Дата: 24.05.2019
Просмотры: 367 Печать страницы
«Қырандай көреген қырағы ақын»

      Үстіміздегі жылдың 23 мамырында Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері Көксу ауылшаруашылық колледжінің білімгерлеріне ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қырандай көреген қырағы ақын» атты дәріс жүргізіп қайтты. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығынан толық мағлұмат берілген оқылымды білімгерлер аса қызығушылықпен тыңдап, тақырыпқа сай бейнеролик тамашалады. «Құлагер ақын» жайлы мол мәлімет алған білімгерлер соңында өз ойларымен бөлісті.