"Зиялыларды баптаған - Мамания"

Категория: Новости
Дата: 24.05.2019
Просмотры: 429 Печать страницы

2019 жылдың 22 мамырында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Мамания" орта мектебінде "Зиялыларды баптаған - Мамания" атты тақырыпта дәріс өтті. Дәріс барысында жасұрпаққа 120 жылдық тарихы бар -1899 жылы киелі Қарағаш мекенінде ірге тасы қаланып бой көтерген Жетісу жеріндегі алғашқы білім ордасы "Мамания" мектебі жайында, сол мектептің негізін қалаған Маман ұрпақтары жайлы және онда алғаш білім алған қазақ зиялылары жайында жан-жақты мағлұматтар берілді.