"Жайықтың ақ шағаласы"

Категория: Новости
Дата: 27.05.2019
Просмотры: 330 Печать страницы

2019 жылдың 23 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Аққұштап Бақтыгереева мен Мәриям Хәкімжанованың өмірі мен шығармашылығына арналған "Жайықтың ақ шағаласы" атты әдеби кеш өтті. Аталған іс-шараға Ғ.Орманов мектебінің оқушылары қатысты. Қос ақынның өмірі мен шығармашылығы айтылып, оқушылардың орындауында өлеңдері оқылып, талдау жасалды.