"Тарихтан тағылым - өткенге тағзым"

Категория: Новости
Дата: 27.05.2019
Просмотры: 383 Печать страницы

2019 жылдың мамыр айының 24-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыуымен Қапал ауылдық мәдениет үйінде "31 мамыр ашаршылық, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күніне орай "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" атты кеш өтті. Бұл кеш келген қонақтар мен оқушыларды өз елі үшін құрбан болған ерлерді үлгі тұтып, тарихтан тағлым ала отырып, ашаршылық, саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алып жүрсін деген мақсатта өткізілді. Аталған шарада ауылымыздың өнерпаз жастарының ойнауында зұлмат кезеңдерден көріністер қойылып, бейнематериалдар көрсетілді. Е.Жайсаңбаев пен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларының орындауында ақындардың поэтикалық өлеңдері оқылып, әндер шырқалды.