"Жетісу жауһарлары"

Категория: Новости
Дата: 31.05.2019
Просмотры: 396 Печать страницы

2019 жылдың 29 мамыр күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері "Жетісу жауһарлары" атты жобасы аясында ұйымдастырылған Талдықорған-Қапал бағыты бойынша келген "Айналайын" балалар үйінің тәрбиешілері мен оқушыларына музей залдары мен Қапал ауылында орналасқан бір жарым ғасырдан асатын тарихы бар ғимараттары бойынша экскурсия жүргізді. Оқушылармен ойындар ойнатылып, Алаш азаматы, реформатор Барлыбек Сырттанов жайлы бейнеролик көрсетілді. Келушілер киелі Тамшыбұлақты тамашалап, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.