«Зар Заман»

Категория: Новости
Дата: 31.05.2019
Просмотры: 362 Печать страницы
«Зар Заман»

31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Талдықорған қаласының «Политехникалық» колледжінің ұстаздары және студенттерінің ұйымдастыруымен «Зар Заман» атты еске алу шарасы өткізілді. Шараға 1937 жылы репресияға ұшыраған Ғайса Рысбековтың Астанада тұратын Гүлбарам Ғайсақызы Рысбекова қатысты. Шара барысында «Ашаршылық» атты деректі фильм көрсетіліп, Ұлы Отан соғысы ардагері А. Есболатова мен Демеубайұлы Сабырғалымның естеліктері тыңдалды. Сонымен қатар, нәубет жылдардың құрбаны болған қандастарымыз бен ел тәуелсіздігін аңсап өткен алаш арыстары жайлы мәліметтер де берілді.