Лепсі ауылдық округінде жаңадан музей ашу ісі бойынша іс-сапар.

Категория: Новости
Дата: 17.08.2018
Просмотры: 535 Печать страницы
Лепсі ауылдық округінде жаңадан музей ашу ісі бойынша іс-сапар.

            2018 жылдың 15 - тамызы күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Әбдуәлиев бастаған комиссия мүшелері Алакөл ауданындағы Лепсі ауылдық округінде жаңадан музей ашу ісі бойынша іссапармен барып келді. Комиссия мүшелері қатарында Лепсі ауылдық округінің әкімі - Р.М. Курмаев, Алакөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Жексембаева Г.Ж., М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары - Чанбаева А. Лепсі орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, музей    жетекшісі  -   Хайбуллин М.М. және   М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері - Ли Т.Ф болды. Орта мектепте орналасқан музейдің жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Хайбуллин М.М.  қатысушыларды қолда бар экспонаттар негізінде ауыл тарихымен таныстырып, экспонаттардың музейлік маңызын атап өтті. комиссия мүшелері экспонаттармен танысып, ауыл тарихын насихаттауда бұл музейдің берер тағылымы мол екенін айтып өтті. Іссапар соңында  барлық комиссия мүшелері бірауыздан жиналған материалдар негізінде Алакөл ауданындағы Лепсі ауылының тарихы музейін құруға көмек көрсететеіндіктерін айтып, шешім шығарды.