«Тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалар»

Категория: Новости
Дата: 31.05.2019
Просмотры: 377 Печать страницы
«Тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалар»

Қазақ тарихындағы қаралы жылдардың бірі 30-шы жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін жылдары. Бүгін Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  31- мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  «Тағдыр тәлкегіне түскен тарихи тұлғалар» атты кеш өткізді. Шараның мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алу, өткенге тағзым ету. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беру. Шараға  Қабанбай ауылының мекеме қызметкерлері қатысты.