
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Н. Алдабергеновтың мемориалды музей қызметкерлері М. Байысов орта мектебінің оқушыларына «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тарихи әңгіме оқыды. Сонымен қатар «Саяси зұлмат кезеңі» атты көрме ұйымдастырылып, музейге келушілерге таныстырылды. Мақсаты Қазақстанда тоталитаризм жылдары қуғын-сүргінге ұшырап зардап шеккендерді еске алу және құрмет сезімін оята отырып жадымызда сақтап, оны өскелен ұрпаққа жеткізу болып табылады.